Байқау жеңімпаздары марапатталды
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында эссе байқауы өтіп, қорытындыланды. «Достық үйінде» өткен іс-шараға аудан ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, эссе байқауына қатысушы талапкерлер мен олардың ұстаздары қатысты.
Эссе байқауының өткізілетіні алдын ала аудандық газетте және әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. «Ел жастары жемқорлыққа қарсы» тақырыбында ұйымдастырылған байқауға аудан мектептерінен 12 талапкер қатысып, өз туындыларын ұсынды. Оқушылар ережеге сәйкес 300 сөзден аспайтын эссе жазып, «Facebook» әлеуметтік желісінде «Бәріне қолжетімді» айдарын таңдау арқылы «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының парақшасын белгілеп жариялаған. Комиссия қарауына ұсынылған шығармаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мен қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері қамтылған.

Марапаттау іс-шарасында «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы Марат Омаров жемқорлықтың ел дамуына кері әсер ететінін тұрғындар санасына сіңіру ортақ міндет екенін айтып, байқаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның зиянын насихаттау мақсатында өткізілгенін жеткізді. Сондай-ақ байқауға қатысушылардың белсенділігін жоғары бағалап, тәуелсіз сарапшылардан, қоғамдық ұйым өкілдері мен ауданға белгілі басқа да азаматтардан құралған комиссияның шешімімен жеңімпаздар анықталғанын айтты. Эсселердің ережеге сәйкес 300 сөзден аспауы қаперге алынды және көшірілмегені арнайы бағдарлама арқылы тексерілді.
Байқау қорытындысында жүлделі І орынмен №35 И.Тоқтыбаев мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Нұрсезім Өтепберген марапатталса, ІІ орынға №126 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гүлімай Ақназар лайықты деп танылды. Ал ІІІ орын №35 И.Тоқтыбаев мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Әнел Серікке берілді. Ынталандыру сыйлығымен №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Гүлім Қылышбек пен №147 орта мектебінің оқушысы Жансая Толқынқызы марапатталды. Жеңімпаздарға қаржылай және естелік сыйлықтар берілді.
А.ИБРАГИМҰЛЫ