Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

06 шілде 2024 ж.

№ 52 газет

02 шілде 2024 ж.

№51 газет

29 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Балалар арасында сурет байқауы өткізіледі

Балалар арасында сурет байқауы өткізіледі

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында балалар арасында сурет байқауы өткізеледі.

ЕРЕЖЕСІ

Байқауды Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру;
– Жемқорлықтың ел дамуына кері әсер ететінін оқушылар санасына сіңіру;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның зиянын насихаттау;
– Балалардың жемқорлыққа қарсы салған суреттері арқылы қоғамдық сананы жаңғырту
Байқаудың шарттары:
Байқауға аудан мектептерінің оқушылары қатыса алады.
Байқау жалпыға ортақ және қолжетімді болуы үшін аудан орталығындағы «Жалын» тынығу лагерінің базасында өткізіледі.
Байқауға аудан аумағындағы барлық деңгейдегі мектеп оқушылары қатыса алады.
Байқаудың өткізілу мерзімі мен тәртібі:
Байқау 2024 жылғы 20 маусым күні сағат 18.00 мен 19.00 аралығында өткізіледі. Тіркеу 2024 жылғы 20 маусым күні сағат 17.30-да басталады.
Балалардың шығармашылығын арнайы құрылған комиссия бағалайды. Комиссия құрамында тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері немесе басқа да ауданға белгілі азаматтар болады.
Қатысушылар А4 форматтағы қағазға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыратын сурет салуы қажет. Суретті қара қаламмен немесе түрлі түсті бояуларды қолдана отырып салуға рұқсат етіледі.

Бағалау критерийлері:
Ұсынылған суреттің байқау тақырыбына сәйкестігі;⁣⁣⠀
Тақырыптың толыққанды ашылуы, өзектілігі, тартымдылығы;⁣⁣⠀
Орындау сапасы мен технологиясы;
Суреттің өз қолымен салынғандығы;

Байқау қорытындысы 2024 жылғы 20 маусым күні сағат 20.00-де жария етіледі. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.

Ескерту: Байқау нәтижесі, қазылар алқасының шешімі қайта қарастырылмайды. Сондай-ақ байқауға ұсынылған суреттер байқау қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялануы мүмкін.

Қосымша ақпараттар +7 747 282 8859, +7 747 227 9635

Фото:korkyt.edu.kz

19 маусым 2024 ж. 93 0