Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Байқау: Ел жас­тары жем­қор­лыққа қарсы

Байқау: Ел жас­тары жем­қор­лыққа қарсы

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында өткізілетін эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ

Байқауды Сырдария аудандық қоғам­дық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

Байқаудың тақы­­рыбы:
«Ел жас­тары жем­қор­лыққа қарсы»;

Бай­қау­дың мақ­саты мен міндеті:
– Сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы қоғам­дық мә­дениетті қалып­­тастыру;
– Жем­қор­лық­тың ел дамуына кері әсер ететінін тұр­ғындар санасына сіңіру;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның зиянын насихаттау;
– Жемқорлыққа қарсы жазылған эсселер арқылы қоғамдық сананы жаңғырту.

Байқаудың шарттары:
– Байқауға аудандағы жалпы білім беретін орта мектептердің 9, 10, 11 сынып оқушылары қатыса алады;
– Эссе көлемі 300 сөзден аспауы керек;
– Эсселер «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Бәріне қолжетімді» айдарын таңдау арқылы «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының парақ­шасын белгілеу арқылы жариялануы тиіс;
– Жарияланған эссенің белсенді электрондық сілтемесі 87472279635 WhatsAap нөміріне жібе­рілуі керек;
– Эссе мәтінін көшіріп алуға, авторлық құқық­ты бұзуға қатаң тыйым салынады.

Байқаудың өткізілу мерзімі мен тәртібі:
Байқауға ұсынылған эсселер 2024 жылғы 8 шіл­­­де күні сағат 09.00 мен 25 шілде күні 19.00 аралы­ғында қабылданады.

Байқауды қорытындылау және марапаттау:

Қатысушылардың шығармашылығын арнайы құрылған комиссия бағалайды. Комиссия құрамын­да тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері немесе басқа да ауданға белгілі азаматтар болады.
Байқау 2024 жылдың 26 шілде күні сағ 16.00-де аудандық «Достық үйінде» қорытындыланып, жеңім­паздар диплом және сыйлықтармен марапатталады. Үздік үш эссе фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Сырдария – Нұрдария» ҚҚ-ның парақ­шасында және аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде жарияланады.

Ескерту: Байқау нәтижесі, қазылар алқасының шешімі қайта қарастырылмайды.

Қосымша ақпараттар: +7 747 282 8859, +7 747 227 9635
06 шілде 2024 ж. 379 0