Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басылым оқырманымен құнды

Басылым оқырманымен құнды

Берекесі тасыған іргелі ауданның үнжариясына айналған басылымның оқырманы қашанда толастаған емес. Аудандық газеттің тұрақты оқырманының қолдауы ұжымның жұмысына айрықша серпін беретіні сөзсіз. Әрине, 85 жылдан аса тарихы бар газеттің жанашыры мен қолдаушысы барда ақпарат айдынында өзіндік орны қалыптасады.

Бүгінде 2025 жылдың ІІ жар­тыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны сәтті жүзеге асырылуда. Біздің басты қағида – газетті сүйіп оқитын оқырманның қолында аудан үнжариясының болуы. Жыл сайын ауданға қарасты іргелі шар­уа­шылықтар газетке жазылып, оқырман санының артуына жағдай жасап келеді. Бұл жолы – Нағи Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» және Шаған ауылындағы «Шаған Жер» ЖШС-ның ұжымы баспасөзге жазылу науқанында бел­сенділік танытты. Аудандық мәс­лихат депутаты, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Дархан Ералиевтің бастамасымен республикадағы үздік ауылдың 200 тұрғынының үйіне аудандық газет таратылатын болады. Сонымен қатар білікті басшы, іскер ұйымдастырушы Жеңісбек Сыздықовтың қолдауымен 200 шағандық тұрғын басылымның тұрақты оқырманына айналды.

Өз кезегінде аудандық, облыстық, республикалық газеттердің санының артуына айрықша қолдау көрсеткен іргелі ұжымның төрағаларына шынайы алғысымызды жеткіземіз. Әркез қос азаматтың арқасында ауылдағы жергілікті халық рухани құндылық пен күнделікті толастамас ақпаратпен сусындап келеді. Іргесі берік, берекесі тасыған қос ұжымның жұмысына табыс тілейміз!


Б.ОРДАБЕКОВ

24 мамыр 2025 ж. 163 0