Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос шаруашылықта 100 оқырман бар

Қос шаруашылықта 100 оқырман бар

С.Сейфуллин ауылындағы «Құндызды май» шаруа қожалығының төрағасы Бөлеген Рахмет аудандық газеттің жанашыры. Руханиятқа жақын ардақты азамат басқаратын шаруашылық ұжымы жыл сайын 50 дана аудандық газетке жазылып, баспасөзге жазылу науқанында белсенділік танытып келеді. Биыл да жақсы үрдіс жалғасын тапты. Айта кетерлігі, осы жылы жаны жомарт, көңілі кең Оңғарбек Саймағамбетов басқаратын «С.Сейфуллин-Жер» серіктестігінің де қызметкерлері 50 дана аудандық басылымға жазылды. Осылайша елді мекендегі қос шаруашылықта 100 оқырман қалыптасты.

Басылым тірегі – ойлы оқырман болса, шығармашылық топтың басты міндеті – оқырмандармен байланысты үзбеу. Сондықтан газет тілшілері өз ізденістерінің және ауылшаруашылық құрылымдарының ұсынысы негізінде адал еңбекті ту еткен азаматтар туралы мақалалар жазып келеді. Алдағы уақытта да жоғарыда аталған қос шаруашылықтың жұмысы, жетістіктері және алдағы жоспарлары жөнінде басылым бетінде жақсы дүниелер жазылатын болады.

Әрбір алты ай сайын аудандық газет атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын саралайды. Өткен жартыжылдықта басылымның таралымы 3661 дана болған еді. Ал 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бір жылда оқырман саны 654-ке артты. 2020 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап газет 3748 дана болып таратылуда. Бұл бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесі және Бөлеген Рахмет, Оңғарбек Саймағамбетов секілді басылым жанашырларының қолдауының жемісі. Сондықтан 80 жылдан астам тарихы бар аудандық газет ұжымының атынан жанашыр азаматтарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
18 шілде 2020 ж. 734 0