Төл газетке түгел жазылған ұжым
Қазір 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр. Көзі қарақты оқырман ауданда болып жатқан жаңалықтармен үнемі танысып отыру үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жазылуда. Осы тұста, аудандық басылымды мемлекеттік мекемелер мен көптеген ұжымдар арнайы жаздырып, оқиды. Солардың қатарында ұжыммен толық газетке жазылған «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» ұжымын атап айтуға болады. Әлібек Рахымжанов басқаратын мекеме қызметкерлері – газеттің тұрақты оқырманы. Олар жыл сайын баспасөзге жазылу науқанында белсенділік танытады.
– Уақытылы газет алып, аудан жаңалықтарымен аудандық газет арқылы танысамыз. Аудандағы жалғыз басылым біздің мекеменің де қызметін ақпараттандырып келеді. Орман өрті, жан-жануар, аң-құсты қорғауға қатысты мақалаларымыз үнемі жариялануда. Түрлі шараларымызды ақпараттандыруда аудандық газеттің маңызы зор. Сондықтан біздің мекеме мен басылым арасында тығыз байланыс орнаған. Ауданның әрбір тұрғыны аудандық газеттің тұрақты оқырманы болу керек деп санаймын, – дейді мекеме директоры.
Ауданның табиғатын қорғауға өзіндік үлес қосып келе жатқан ұжымға және ұжымдағы аудандық газеттің оқырмандарына алғыс айта отырып, жұмыстарына табыс тілейміз!

«ТТ» ақпарат