Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың аудан көлемінде орындалуы мен қабылданған шаралардың тиімділігі туралы. Екінші мәселе «Кәмелетке толмағандар арасында, дене шынықтыру және спорт саласында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» аясында атқарылған шаралар туралы. Үшінші мәселе 2024 жылы аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерге жүргізілген тексерулердің қорытындысы және аталған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру шаралары туралы.

Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 мамыр 2025 ж. 408 0