Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

– 2025 жылға арналған аудандық терроризмге қарсы комиссияның міндеттері мен облыстық терроризмге қарсы комиссияның хаттамалық шешімдерін іске асыру туралы (баяндаушы жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Қ. Қуандықов);

– Шіркейлі ауылында ұлттық және саяси экстремизмнің алдын алу мен жолын кесу бағытындағы қабылданған шаралар туралы (баяндаушы Шіркейлі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Р.Мамадиярова);

– Тәуекел топтарға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде теологтар мен ақпараттық - түсіндірме тобының рөлі мен орны туралы (баяндаушы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б. Смайлов) мәселелер қарастырылды.

Аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
26 ақпан 2025 ж. 271 0