Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Іргелі ұжымның серігіне айналған

Іргелі ұжымның серігіне айналған

85 жылдан аса тарихы бар төл басылымды аудан тұрғындарының басым бөлігі сүйсіне оқиды. Солардың ішінде «Сырдариясушар» өндірістік учаскесі газеттің басылым санын арттыруда. Мекемеде 70 қызметкер жұмыс істейді. Білікті басшы Бектұрғанбек Қасымұлы бастаған ұжым кезекті баспасөз науқанына атсалысты.

Қазіргі ақпараттық қоғамда баспа­сөздің рөлі ерекше. Осы тұста, газеттің тұрақты оқырманына айналған «Сырдариясушар» өндірістік учаске мамандары баспасөзге қолдау көрсетуден жаңыл­ған емес. Бұл – тек ақпарат көзімен сусындау ғана емес, рухани байлықты арттыра отырып, кәсіби білімді тереңдету және қоғамдағы өмірден хабардар болу жолындағы маңызды қадам.

Мекеме әкімшілігі де жылдық науқанды қолдап, аталған учаскенің маманы Лена Нұрадинқызы қыз­мет­керлердің ұйымшылдығын ны­ғай­тып, басылымның сұранысын жо­ғары­латты.

Бірлігі жарасқан ұжым 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына 20 дана «Тіршілік тынысы», 20 дана «Сыр бойы», 5 дана «Кызылординские вести» және 2 дана «Халық» газетіне жазылды. Бұл дегеніміз 47 отбасының төрінде төл басылымдарымыз өз орнын табады. Аталған ұжыммен редакция қызметкерлері әрқашан тығыз байланыс үстінде. Тұрақты түрде халықты ақпараттандыру жұмысы – басты назарда.

– Жыл сайынғы дәстүрге айналған баспасөзге жазылу науқаны биыл да өз деңгейінде өтті. Қоғамдық-саяси, рухани-мәдени ақпарат пен қаламгерлердің түрлі тақырыптағы шығармалары баспа бетіне үнемі жария­ланып отырады. Газетті асыға күтетін оқырмандар үшін құнды деректер мен жаңалықтар ұсынылады. Баспасөз басылымдарына жазылу ар­қылы мекемедегі әр қызметкер тек ақпарат алып қана қоймай, елдің тыныс-тіршілігіне, заң-құқық, білім, денсаулық, мәдениет пен руханият салаларындағы маңызды мәселелерден хабардар болып отырады. Қоғам мен уақыт тынысын айқын аңғартатын баспасөз – халықтың рухани серігі, ой-сананың кемелденуіне бастар жол. Қазіргі таңда сала мамандары қауырт жұмыспен су арналарын бақылауда ұстайды. Соған қарамастан, біздің мамандарымыз төл басылымға жазылуды ұмыт қалдырған емес, – дейді мекеме басшысы Бектұрғанбек Искаков.

Баспасөз – елдің үні, уақыттың кілті. «Қоғамның соғысын сезінгің келсе газетті ақтар. Халықтың мұңын, елдің үмітін, ел ішіндегі жақсылық пен жаңалықты білгің келсе – баспасөзге жүгін». Осындай өмірлік қағиданы ұстанып, ұжым болып төл басылымның таралымын арттыру ме­ке­менің ұйымшылдығының көрінісі. Төл басылым – тек оқу ғана емес, бұл – ойлану, саралау, жаңаша көзқарас қа­лыптастыру. Ал осындай саналы, сергек ұжым – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі!

Гүлсезім ЖАНСЕРІКҚЫЗЫ

20 мамыр 2025 ж. 159 0