Аудан әкімі аудандық маңызы бар автожолдың жөндеу жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда жол саласын дамытуда нәтижелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап көрсетті.
Бүгінде «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының 10,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жөндеу жұмыстарын «Қызылорда жолдары» ЖШС атқаруда.
Аудан басшысы жол инфрақұрылымының тұрғындар өміріндегі маңыздылығын атап, жөндеу жұмыстарының сапасына баса назар аудару керектігін ескертті. Сондай-ақ, жол құрылысының белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң бақылауда болатынын айтып, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі