Жол жөндеу жұмыстары бақылауда
Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев Іңкәрдария ауылына баратын аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жаңадария» автожолының 0-5 шақырымына жасалып жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл жерде атқарылып жатқан жұмыстарды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров айтып өтті.
«Самара-Шымкент-Жаңадария» автожолының 0-5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталған. Өткен жылы 2,5 шақырым жол жөндеуден өтсе, биыл қалған бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «TechService KZ» ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы құны 150 662,2 мың теңгені құрайды.
Аудан басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында орташа жөндеуден өтіп жатқан жолдың сапалы салынуын назарға салды. Аудан орталығынан шалғайда жатқан Іңкәрдария елді мекенінің тұрғындары осы жолмен қатынайтынын атап, тұрақты бақылау жүргізуді ескертті.