Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Абдуов Асылбек Сұлтанұлын еске алуға арналған турнир өтті

Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Абдуов Асылбек Сұлтанұлын еске алуға арналған турнир өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Мемлекеттік қызмет саласының үздігі Абдуов Асылбек Сұлтанұлын еске алуға арналған аудандық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, Асылбек Сұлтанұлының бауыры Талапбек Абдуов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев, зиялы қауым өкілдері, ағайын-туыстары қатысты.

Аудан басшысы ел үшін еңбек еткен тұлғаның өмір жолына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Аудан экономикасының дамуына, тұрмысының жақсаруына адал еңбегімен үлес қосқан нар тұлғалы азаматтың бірі – Абдуов Асылбек Сұлтанұлы. Асылбек Сұлтанұлы 1961 жыл Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Осы өлкеде орта білім алып, болашақ өмірін құрылыс саласымен байланыстырған. Еңбек жолын Тереңөзек «ХРСУ» мекемесінде бастап, Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімің басшысы болып абыройды қызмет етті. «Жақсы ісімен мың жасайды» дегендей, бар білімін, күш-жігерін елге жұмсаған Асылбек Сұлтанұлының есімі мәңгі ұмытылмайды.
Бүгін спорт додасына қатысушылар өз шеберліктерін ортаға салып, жақсы өнер көрсетеді деп сенемін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Спорттық іс-шараның ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, Асылбек Сұлтанұлының бауыры Талапбек Абдуов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев сөз сөйлеп естеліктерімен бөлісті.

Спорт додасы арқан тарту, үстел теннисі және садақ ату спорт түрлерінен өтті. Турнирге 8 команда 50-ден аса мекеме қызметкерлері қатысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 мамыр 2025 ж. 44 0