Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кіші футболдан аудандық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Кіші футболдан аудандық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің спорт кешенінде кіші футболдан Көгалдағы хоккейден ҚР спорт шебері, ҚР 8 дүркін чемпионы, индорхоккейден 5 дүркін чемпион, ҚР ұлттық құрама мүшесі, Жыл үздігі спортшысы Сәбитұлы Шыңғысты еске алуға арналған аудандық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы салтанатты түрде шараны ашып берсе, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқарма басшысының орынбасары Айекешов Жігер Ондасынұлы, облыстық мәслихат депутаты Ембергенов Жұмабек Әшімұлы, Сәбитұлы Шыңғыстың туыстары атынан әкесі, мамасы және апасы, тәтесі спортшыларымызға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Жарысқа 13 команда 150-ге жуық спортшылар қатысты.

16 ақпан 2025 ж. 92 0