Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жұртшылық жаппай сенбілікке белсене қатысты

Жұртшылық жаппай сенбілікке белсене қатысты

Қызылорда облысында апта сайын ұйымдастырылатын жаппай сенбілік бүгін де жалғасты.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сенбілікке шыққан 128 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері 4 000 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады. Скверлер мен парктер, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандары, өзен, көлдер аумағы, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар тазаланды. Көшелердің бойында, көпқабатты, жер үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары атқарылды. Жұмыс барысында 900-ден астам техникамен қоқыс тасымалданды, жер тегістелді.
Еске салайық, жыл басынан облыс аумағына климатқа жерсінетін 95 353 көшет егілген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 сәуір 2025 ж. 352 0