Ботаникалық саябаққа тал егілді

Биыл тазалық жұмыстарына 63 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысуда. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи- мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері, көшелердің бойы тазартылып, 2 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. "Наурызнама" онкүндігінің 19 наурызға белгіленген Жаңару күнінде «Жасыл желек» ағаш отырғызу, көркейту, көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Облыс аумағына 5920 түп тал отырғызылды.
23 наурыз-Тазару күні қала, кент және ауылдық округтерде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, 7000-ға жуық көшет егілді. Тазалық шараларына 20 мыңнан астам адам қатысты.
Биыл өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін 23 530 түп қарағаш, терек және Сыр талының көшеті отырғызылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі