Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Көпшілік кезекті сенбілікте тазалық шараларына қатысты

Көпшілік кезекті сенбілікте тазалық шараларына қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы кезекті сенбілікте өңірдің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Оған 95 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3 000 тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 800-ден астам техника жұмылдырылды.

Жыл басынан бері облыс аумағына 28 400 түп жергілікті климатқа сай келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 сәуір 2025 ж. 201 0