Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Таза Қазақстан": облыс тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

"Таза Қазақстан": облыс тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

Наурыз мерекесі қарсаңында айналаны қоқыстан тазарту, бұлақ көзін ашу, көшет отырғызу дәстүрі қалыптасқан.
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

«KazStroyCapital LTD Kyzylorda» компаниясы «Қызылорда қаласын көгалдандыру» және «Қызылорда қаласының жасыл белдеуі» жобаларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асыруға кірісті. Кызылорда қаласындағы өндірістік базаға 15 техника әкелінді. Қосымша 38 техника жолда, олар алдағы екі апта ішінде жеткізіледі.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев сенбілік барысында жаңа техникаларды көріп шықты.

Екі апта ішінде қалада көгалдандыру жұмыстары басталады, яғни ағаш отырғызу, суару жүйесін салу және тиісті инфрақұрылым жеткізу жоспарланған. Аймақ басшысы жұмыс сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.

Бүгінгі сенбілікке Қызылорда қаласы және аудандардағы 954 мекемеден 10 610 адам, 198 арнайы техника жұмылдырылды. Полигондарға 219,5 тонна қоқыс шығарылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес елді мекендер аумағының санитарлық тазалығы қатаң бақылауға алынып, жұмыс үздіксіз жалғасуы қажет.

Қала аумағында ұйымдастырылған сенбілікке 128 мекемеден 1872 адам қатысып, 81 техника іске қосылды. Жұмысқа "Қызылорда тазалығы", "Жасыл Қызылорда", құрылыс мекемелерінің, орман шаруашылығының техникалары жұмылдырылды. Орталық полигонға 300 текше метр қоқыс шығарылды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: @Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

16 наурыз 2025 ж. 155 1

Norman от 31 мамыр 2025 09:38
Thanks. Numerous content! meilleur casino en ligne You said it perfectly.. casino en ligne Superb content Many thanks! meilleur casino en ligne You reported this perfectly! meilleur casino en ligne Truly lots of terrific facts. casino en ligne francais Nicely put, Cheers. casino en ligne francais Thanks. I appreciate this. casino en ligne France You explained it exceptionally well! meilleur casino en ligne Thank you! A good amount of data. casino en ligne You mentioned that really well! meilleur casino en ligne