Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қызылордада абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен жаңадан ашылған Оқушылар сарайы аумағына тал егу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, экономист, сарапшы Олжас Құдайбергенов, қала, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, облыстық басқарма мен департамент басшылары қатысты.

Бүгінде өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Экологиялық бағдарламаны өңірде өткізудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарында апталық шаралар ұйымдастырылуда.

Тазалық шараларына 600 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Жұмыстардан кейін 23 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 505 сквер мен парк, 225 тарихи-мәдени ескерткіш, 791 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 4332 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), 47 451 көше бойы (6 929 көп қабатты үй мен 40 522 жер үйдің ауласы) тазартылды. Оған 500-ден астам техника жұмылдырылды.

Көркейту-көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп, өңір климатына жерсінген 129358 қарағаш, терек және Сыр талының көшеті егілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
10 қараша 2024 ж. 84 0