ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫ ПӘРМЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУІ КЕРЕК
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен семинар өткізілді.
Семинарға арнайы келіп қатысқан «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау қызметінің инспекторы Ысқақова Айжан Сайлауқызы партиялық бақылау комиссиясының жұмысын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды пәрменді жүргізу, жаңғырту мақсатында әдістемелік кеңестер беріп, слайд арқылы статистикалық мәліметтерге түсінік жасады. Қазіргі таңда қоғамдық кеселмен күресу жұмыстары қарқынды жүріп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, өзара тәжірибе алмасу барысында облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Қуаныш Жәрекеев мұндай семинардан кейін қаралып отырған екі өзекті мәселенің оңды нәтиже беретінін атап өтті. Семинар соңында комиссия және аудандық қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныс пікірлерін білдірді. Семинарға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып, филиал қызметкерлері, белсенді партия мүшелері қатысты.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ