КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясы болып өтті. Филиал төрағасы, аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төрағалығымен өткен конференцияға жер-жерден сайланған 43 делегатпен бірге бастауыш ұйым төрағалары, саяси кеңес мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне ұсынылған екі мәселе бойынша мандат комиссиясының төрағасы Д.Қожахметов, «Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымынан сайланған делегат Б.Бақбергенова хабарлама жасады.
Кезектен тыс ХХІ партия қонференциясы делегаттарының бірауыздан дауыс беруімен №8 «Шіркейлі» сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына Сұлтанов Сейіткамал Абзалұлы кандидат болып ұсынылды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамына өзгерістер енгізу мәселесін талқылай келіп, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшелігіне Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы ұсынылды. Конференцияда конференция делегаттары М.Омаров, Б.Қадіров сөз сөйлеп, пікір білдірді.
«ТТ»-ақпарат