БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – ПАРТИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ
Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш ұйымдардың төрағаларымен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Омаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Нұрсейітов және партия белсенділері қатысты.
Маңызды басқосуды төрағаның бірінші орынбасары ашып, партияның жұмысы негізінен бастауыш ұйымдардың белсенділігімен өркендейтінін атап өтті. Шынында бастауыш ұйым үлкен күш. Ол қатардағы партия мүшелерін тәрбиелеуде өзіндік рөл атқарады. Сондай-ақ кездесуде партиялық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде құнды ойлар айтылды.
Партия Доктринасында «Нұр Отанның» саяси күш ретіндегі ел болашағы мен азаматтардың лайықты өмірге қол жеткізудегі тарихи жауапкершілігі жария етілген. Сыбайлас жемқорлықпен күрес біздің халқымыз бен мемлекетіміздің іргелі құндылығы, тәуелсіздікті нығайтудың өзекті шарты. Сондықтан бағдарламаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас пен қоғамдық сананы қалыптастыру, мемлекетті, қоғам мен бизнесті осы әлеуметтік кесапатқа қарсы жұмылдыру болып табылады.
Бастауыш ұйым төрағалары өз ұжымдарында партиялық жұмысты белсенді жүргізіп, қауіпті кеселге қарсы күресті күшейтуге белсенділік танытатындарын айтты.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ