Сырдың қолданбалы өнер шеберлері

Шараға Сырдария аудандық оқушылар үйі, Т.Қозыбаев атындағы №131 мектеп, Қалжан ахун ауылындағы №126 мектеп, Қоғалыкөл ауылындағы №44 мектеп, Н.Ілиясов ауылындағы №132 мектеп, Аманкелді ауылындағы №42 мектептердің Технология пәнінің ұстаздары мен қолөнерге бейім оқушылар қатысты. Шара барысында Ж.Маханбет өз туындыларының жасалу жолын көрсете отырып, әр туындының ерекшелігі мен мағынасын түсіндірді. Сонымен қатар шебердің қолынан шыққан өзінің және музей қорындағы туындыларынан жеке көрмесі келуші қонақтарға ұсынылды. Шараға қатысқан құрметті де қадірлі қонақтар – Сырдария аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы М.Омаров, «Аманат» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы өз лебіздерін білдірді. Қатысушы жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеш жоғары деңгейде өтті.
@Сырдария Аудандық Музейі