"Дала тынысы" шығармашылық көрмесі ашылды

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев шығармашылық көрменің ашылу салтанатына арнайы барып, құттықтау сөз сөйледі.
- Дарын иелерінің жасаған туындылары, шығармалары қазақ өнеріне қосылған рухани байлық деп білеміз. Сондықтан Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз кейінгі толқынға үлгі. Бүгін міне өнерді жанына серік еткен азаматтардың көрмесі аудан тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осы жерден өскелең ұрпақ ұлттық өнердің нағыз шеберлері жасаған қолөнер туындыларын табатын болады, – деді аудан әкімі Мұрат Нәліхожаұлы.
Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шарада шығарма авторларының өнерлерін насихаттауда қазақ өнеріне қосқан елеулі үлестері үшін аудан әкімі алғыс білдіріп, қос өнер иесінің иығына шапан жапты. Өз кезегінде өнер иелері шынайы ризашылықтарын білдіріп, көрмені тамашалауға аудан тұрғындарын шақырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі