Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы
Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық музейлер күніне орай «Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы» атты мерекелік шара болып өтті. Шара барысында қонақтарға «Этно ауыл» көрмесі таныстырылып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін музей қорында жинақталған қазақ халқының этнографиялық және рухани мәдениетінің құнды жәдігерлері көрмеге қойылып, көрерменге ұсынылды.
Мереке аясында ұйымдастырылған “Музейге сый” акциясы барысында Сыр елінен шыққан белгілі тұлға, Қызылорда облысының төрт ауданы мен облыстық екі басқарманы абыройлы басқарған қоғам қайраткері Абибуллаев Ибрагим Сражаддинұлы музей қорына өзінің мемлекеттік наградаларын, құжаттар мен суреттерін, естелік заттарын тапсырды.
Мерекелік шараға Қызылорда облыстық маслихат хатшысы Н.Байқадамов, Қызылорда қаласы және Қазалы аудандырының Құрметті азаматы Ж.Шәріпов, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Б.Маншарипов, Қоғам қайраткері М.Әмірғалиев, «Алиакбар-Ата АГРО» шаруашылығының төрағасы М.Көзейбаев қонақ ретінде қатысты.
Іс-шараға қатысушыларға аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастырған ауданның ақын-жазушылары жайлы кітаптар көрмесі таныстырылып, сонымен қатар «Туған жердің тұғырлы перзенттері» тақырыбында музей залдары бойынша тақырыптық және шолу экскурсиялар жүргізіліп, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, қолөнер шебері Ж.Маханбеттің көрмесін және шеберлік сағаты таныстырылды.
Сонымен қатар музейде жұмыс жасайтын «Жас суретшілер» үйірмесінің қатысушыларының арасында «Өз қабілетіңді байқап көр» атты сайыс ұйымдастырылып, оқушылар «Ақынын ұлықтаған ел азбайды» тақырыбында жергілікті ақындар өлеңдерінен үзінді оқып, ұлттық ойын түрлері «Тоғызқұмалақ» және «Асық ату» ойындары оқушылар арасында ұйымдастырылды.
Аудандық әуез мектебінің домбырашылары да өз тартуларын жасады. Шара соңында барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар тапсырылды.