Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Басылымның 86-шы көктемі!

Басылымның 86-шы көктемі!

Қазақ халқы үшін жыл басы әрі қыстан аман шығып, табиғаттың түгел жаңарар мезгілі көктем айы, оның ішінде Наурыз мерекелерінің мәні мен маңызы зор. Табиғат ананың бүршік атып, күн шуағы молынан түсіп, аққа ауыз тиіп, көпшіліктің қуанышқа бөленер тұсы аудандық газет редакциясы үшін тіпті ерек. Олай дейтін себебіміз, 26 наурыз – дәл қазір өзіңіз тұшына оқып отырған төл газеттің ең алғаш жарыққа шыққан күні.

Ойша уақытты артқа шегеріп, тарих­қа көз жүгіртсек. ВКП (б) Орталық Коми­тетінің 1930 жылғы 17 тамызындағы «Округтардың жойылуына байланысты газет жүйелерін қайта құру туралы» қау­лысына сәйкес негізгі өндіріс орындарында, сонымен қатар ауылшаруашылық аудан­дарында қалалық, аудандық газеттер ұйымдастырыла бастаған. Сол негізде 1938 жылы Тереңөзек ауданы қайтадан аудан мәртебесін алып, аудандық газет 1939 жылдан бастап жарыққа шыға бастаған. Нақтырақ айтсақ, 1939 жылдың 26 наурызы – төл газеттің алғаш оқырманға жол тартқан күні. Ол кезде «Сталин жолы» атауымен жарық көрген басылымның аты кеңестік жүйенің даму кезеңдеріне сәйкес саясат ыңғайына қарай өзгеріп отырған. Әр кезеңде әртүрлі атпен жарық көріп отырған газет 1997 жылдан бастап «Тіршілік тынысы» деген аталыммен көрермен көзайымына айналып отырғанын атап өту орынды.

Ойлы оқырманға белгілі, былтыр «Тіршілік тынысы» газеті өзінің 85 жылдық мерейтойын лайықты түрде атап өтті. Мерейлі мерекеде өткен ауқымды іс-шаралар, зиялы қауымның ақжарма тілегі мен тарихи-танымдық мақалалар жыл бойына тұрақты түрде жарияланып отырды. Газеттің ғасырға жуық уақыт аралығында оқырман қауым үшін ағартушылық бағытта тұрақты қызмет етіп тұруы әрине шығармашылық топ, мекеме қызметкерлерімен қатар басы­лым басшыларының ұтымды шешім, лайықты еңбегінің жемісі. Осы ретте газет­ті алғашқыда Серғазы Абдуллаев, Баймахан Уызбаев, Әбілда Құрманов, Смайыл Ақжігітов, Шілдебай Оңғалбаев, Айтбай Қойшыбаев, Жұмағали Елеуов басқарғанын айта кеткен жөн. Осы жылдарда редактор үшін Ш.Оңғалбаев пен Б.Өтеповтер де қол қойған. Содан кейін Болатбек Аманбаев, Смағұл Маханбетов, Ізхан Досмағамбетов, Абызбай Маханбетов, Қуаныш Татанов, Тынышбек Дайрабаев, Келдібай Уәйісов, Тұрғанбай Болғанбаев, Асқар Кіребаев, Нұрлыбек Ғизатов, Сәуле Ерімбет, Ақтөре Ибрагимұлы бас редактор қызметін атқарған.

Бүгінде қырық мыңға жуық аудан халқы мен алыс-жақын қала, облыстағы тұрақты оқырмандарына қызмет етіп отырған аудандық газеттің шетелдерде де оқырманы қалыптасқанын мақтанышпен айтып өту орынды. Қазіргі таңда жас әрі білікті мамандармен толыққан редакция ұжымы газеттің мазмұнын байытуға әркез жұмыс жасап, мамандар ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Жыл бойындағы атаулы даталарға байланысты уақытша айдар­лармен бірге тұрақты айдарлар бойын­ша тұшымды мақалалар жазып, көрер­мен көзайымына айналған газет мамандары оқырман үдесінен шығу жолында аянбай еңбек ете бермек. Осы рет­те аудандық газеттің ресми сайты мен әлеу­меттік желідегі парақшалары заман талабына сай тәулік бойына оқырманға ақпа­рат таратып, жүйелі жұ­мысты үйлес­тіріп ке­леді.

Аудан айнасына айналып, республика көлеміндегі маңызды мәселелерден бастап аудан көлеміндегі жаңалықты оқырман қауымға уақытылы жеткізіп отыратын «Тіршілік тынысы» газетінің оқырманымен жасасып келе жатқанына – 86 жыл. Бұл күнде аудандық газеттің тұрақты оқырманы қалыптасқан. Оның ішінде егде жастағы кісілерден бас­тап мектеп оқушыларына дейін бар. Редакцияға арнайы келіп, газетке жазылып, тілшілермен тығыз қарым-қатынас орнататын жанашырлар да жеткілікті. Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дейтін даналық сөзі өз маңызын жойған жоқ. Халық пен тарих барда, сөз құны яки басылым құны жойылмақ емес. Газет оқырманымен құнды. Ал тілшілер қағаз басылым арқылы әлі де талай ұрпаққа бағыт-бағдар береді.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ

26 наурыз 2025 ж. 204 0