Құтты болсын жыл басы туған жерге!

Бір кезде менің әкем Абызбай Маханбетов бас редакторлық еткен аудандық газет тізгіні бүгінде білікті жас мамандардың қолында. Жыл сайын мазмұны мен сапасы кеңіп, оқырманы артып келе жатқан төл басылыммен біз де әркез біргеміз. Аудандық газет арқылы жерлестеріме сағыныш толы ыстық сәлемімді жолдай отырып, жыл басы Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа ауыз тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміт күттірген әз-Наурыз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Ауданымыз өркендеп, жастарымыз өсе берсін! Газеттің өзі бір күндік, сөзі мың күндік болып, мәңгі жасай берсін! Әр отбасыға амандық, құт-береке тілеймін! Ақ мол, жыл ырысты болсын! Ұлыс тойы оң болсын!
Ғалым АБЫЗБАЕВ,
газет жанашыры