Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дзюдодан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Дзюдодан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Сырдария ауданы, Бесарық ауылында дзюдодан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Абай - Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Жарыстың ашылу салтанатын облыстық дене шынықтыру спорт және туризм басқарма басшысының орынбасары Айекешов Жігер Оңдасынұлы құттықтау сөзін сөйлеп, шараны ашып берді, облыстық дзюдо федерациясының президенті Щоңмұратұлы Садық Мұстафа және «Абай - Дәулет» ЖШС директоры Сарсенбай Мұрат Абайұлы спортшыларымызға өз ыстық лебіздерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Өзбекстан мемлекеттінең және еліміздің әр өңірінен 11 облыс, 3 қаласынан 17 салмақ дәрежесі бойынша 500-ге жуық спортшы қатысуда.

25 наурыз 2025 ж. 157 0