Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Баласы анасына сыйламаушылық көрсеткен

Баласы анасына сыйламаушылық көрсеткен

Сырдария аудандық сотында азамат Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж., өз үйінде алкогольдік масаң күйде анасы Ж.-ның мазасын алып сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Жәбірленуші Ж. сот отырысын өзінің қатысуынсыз қарауды сұрап баласы Ж.-ға кешірім беремейтінін көрсеткен.

Сотта құқық бұзушы Ж., кінәсін мойындап, енді мұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтып, кешірім сұрады.

Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
15 наурыз 2025 ж. 229 0