Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әйелін балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Әйелін балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Сырдария аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Б. өзінің үйінде алкогольдік масаң күйде жұбайы А.-ға былапыт сөздер айтып ар-намысына тиіп, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сотта жәбірленуші А. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды және мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген.


Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
12 ақпан 2025 ж. 463 0