Медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. заңды некедегі әйелі С.-мен отбасылық-тұрмыстық жағдайда жанжалдасып, оған былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық танытып үйдің тыныштығын бұзған.
Сотта құқық бұзушы Т. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап және медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.
Сотта жәбірленуші С. оған кешірім беретінін, медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Т. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Сырдария аудандық соты