Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бала мен ананың арасындағы жанжал татуласу арқылы шешілді

Бала мен ананың арасындағы жанжал татуласу арқылы шешілді

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігімен азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат А. алкогольдік масаң күйде жәбірленуші  Р.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үстелді сындырып, үй тыныштығын бұзып, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында құқық бұзушы А. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші Д. сот отырысына дейін жазбаша арызданып, арызында ұлына кешірім беретінін көрсетіп, істі өзінің қатысуынсыз қарауды, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылды және мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленді,  іс ӘҚБтК-нің 64-бабына сай өндірістен тоқтатылды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
15 наурыз 2025 ж. 330 0