Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Е. заңды некедегі әйелі Е.-мен отбасылық-тұрмыстық жағдайда жанжалдасып, оған былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық танытып үйдің тыныштығын бұзған.

Сотта құқық бұзушы Е. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап және медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сотта жәбірленуші Е. оған кешірім беретінін, медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Е. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
16 қаңтар 2025 ж. 224 0