Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия филиалының төрағасы аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірін тыңдады

Партия филиалының төрағасы аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірін тыңдады

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Сырдария ауданында жұмыс сапармен болып, партия алаңында қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындары білім, медицина және өзге де мәселелер бойынша өтініш-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция аға лейтенанты, II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған турнирге қолдау көрсетуді сұрады.

Әрбір азаматтың өтінішіне зер салған партияның облыстық филиалының төрағасы нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құзырлы мекемелермен бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралатынын жетікзді. Сонымен қатар көтерілген барлық ұсыныс пен тілектерді партия филиалы зерделеп жұмыс жасайтынын және өзінің тікелей бақылауында болатынын атап өтті.

«Жалпы әрбір азаматтың пікірі біз үшін маңызды. Қабылдаулар барысында азаматтар көтерген мәселелер бойынша арнайы Ашық есік күндері мен «Құқықтық көмек», «Халыққа көмек» партия жобалары аясында тақырыптық қабылдаулар өткізіліп, тұрғындарға тиісті кеңестер мен көмектер көрсетілуде.Мәселен,өткен жылы партия филиалодарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6904 арыз-өтініш түскен болса, оның 5141 оң шешімін тауып, жалпы түскен өтініштердің 77,4% құрады. Ал 1 763 өтініш бойынша заңнамалық түсіндірмелер мен құқықтық кеңестер берілді. «Табысқа апарар жол. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу», «Құқықтық көмек» партиялық жобалар аясында да өткен қабылдаулар барысында көптеген мәселелер шешімін тауып жатыр. Мұнан бөлек, мобильді қабылдау жұмыстары да шалғай елді мекендер тұрғындарының өзекті мәселелерін оңтайлы шешуде. Қоғамдық қабылдау жұмыстары ірі бастауыш партия ұйымдарында да өткізіледі. Ең бастысы, бірде-бір өтініш қараусыз қалмайды»,- деді Алмасбек Есмаханов.

07 наурыз 2025 ж. 86 0