Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегін тыңдады

Тұрғындар тілегін тыңдады

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова Қармақшы аудандық партия филиалында көшпелі қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар жер, аудандағы балалардың жазғы тынығу лагері, кәсіпкерлік мәселелері жөнінде өтініштерін білдірді.

Әрбір өтініш бойынша партия филиалының Атқарушы хатшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Өтініштердің басым бөлігін жеке бақылауына алды.

Партияның XXI Съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін жандандыруды тапсырды. Осы орайда партия филиалы жанынан мобильді қоғамдық қабылдау топтары құрылып, шалғай елді мекен тұрғындарының өтініштерін тыңдап, олардың шешілуіне жұмыс жасауда. Халықтың уақытын үнемдеу мәселесі ескеріліп, партия мүшелерінің саны 500 ден асатын ірі бастауыш ұйымдарда қабылдау бөлмелері ашылды. Партия «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында билік пен халық арасындағы көпір.Сондықтан бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды», - деді Ләйлә Төрешова.





Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі


28 маусым 2022 ж. 256 0