С.Сейфуллин ауылындағы газдандыру жұмысымен танысты
Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың жұмыс сапары С.Сейфуллин ауылында жалғасты. Мұнда партия төрағасы сайлауалды бағдарлама мен Жол картасы аясында С.Сейфуллин ауылындағы газдандыру жұмысымен танысты.
2024 жылы сайлауалды бағдарлама аясында екі ауыл табиғи газға қосылған болатын. Соның бірі С.Сейфуллин ауылы. Ауылға табиғи газ қосу «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деп атап өткен болатын. Міне бүгінде ауыл халқы от жағып, күл шығару бейнетінен арылып, шынайы қуанышқа бөленуде. Табиғи газдың игілігін халық, оның ішінде ауыл тұрғындары көруі керек, – деп ақпарат берді аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев.
Осылайша партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар нысанды аралап, жұмыстарымен танысты. Партия төрағасы аудан дамуына оң бағасын беріп, жоспарлы жұмыстардың нәтижелі аяқталуына тілектес екендігін жеткізді.