Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!»

«АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!»


Арман – әр адамның қиялы мен қалауынан туған биік шың. Ол адам­мен бірге өзгеріп отыратын өміріміздегі ынталандырушы күш. Ар­ман – қиялдың жетегінде кеткен орындалмас нәрсе деп ойласақ, қат­ты қателесеміз. «Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адам­ның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады», – деген әлемді мойындатқан былғары қолғап шебері – Мұхаммед Әли.
Бала қиялы қашанда жүйрік. Біреулер «зәулім үйде тұрып, қымбат көлік мінсем» - деп армандайды. Енді біреулер биік мансапты, «өскенде жоғары лауазым иесі болсам» – дейді. Енді біреулер «көк зеңгір аспанды бағындырсам» – деген қиял жетегінде жүреді. Әрине сол арман жетегінде жүріп, алдына мақсат қойғандары үнемі ізденіп, оқып, оқығанын көңілге тоқығандары түптің түбінде арманына қол жеткізіп жатады.
Бұл жолы бала арманына қанат бітірген – «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігі (жетекшісі Ұ.Жанәлиева).
Жақында «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі мен ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, аудан кәсіпкерлерінің қолдауы­мен «Армандар орындалады» деген тақырып­та аудандық кент мәдениет үйінде қамқорлық шарасы өтті. Шарада оқушылар қауымының жазған эсселері қорытындыланып, оқушылардың арман-тілектерін орындауға облыстық мәслихат депутаттары Р.Есенов, Ж.Нұрымбетов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, кәсіпкерлер М.Омарова, М.Алмашева, Б.Ахметов, Н.Керейтбаева, А.Әбдуова, ҮЕҰ-дар, мұғалімдер мен ата-аналар және оқушылар қатысты. «Бар жақсылық балаларға» демекші қасиетті Рамазан айында бала армандарының орындалуына үлес қосқан, бала қиялына қанат бітірген демеушілер мерейі де үстем болды.
Жомарт жандардың жанашырлығы әрбір бала­ның ойында қалары сөзсіз. Себебі, арманының орындалуына өз себебін тигізіп қана қоймай, оны мейлінше жүзеге асырған аға-апаларына деген ризашылықтары жүздерінен білініп тұрды. Біреулері ұялы телефонды армандаса, екіншісі Құрманғазы, Тәттімбет секілді дәулескер күйші болуды армандайды, үшіншісі велосипеді болғанын қаласа, енді бірі қазақтың ұлы ақыны Абайдың кітабын сұрағандар, ертегі әлемін шарлап, ғажайып оқиға кейіпкеріне айналғысы келетіндер де бар. Оқушылар арасында өзінің жан дүниесін рухани жаңғыртқысы келетіндігін білдіріп, Қорқыт бабамыздың басына баруды, яғни, саяхаттауды армандайтын оқушылар да баршылық екен.
Осы оқушылардың армандарын облыстык мәс­лихат депутаттары мен аудан кәсіпкерлері орындады. Олар велосипед, ұялы телефон, теннис ракеткасы, футбол добы, қол сағат, қызықты ертегі кітаптарын, Абайдың шығармаларын алса енді бірі Қорқыт бабамыздың басына саяхаттауға мүмкіндік алды. «Армандар орындалды», – деген осы шығар бәлкім.
Шара соңында «Менің арманым» деген тақы­рыпта шығарма жазған барлық оқушыға «Тілек хат» тапсырылып, оған өз ризашы­лықтарын білдірді.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ
12 маусым 2018 ж. 3 307 1

Гость JeaOrer от 5 ақпан 2019 03:23
Cialis Generique En Belgique Frusemide Orders Tetracycline For Sale cialis without prescription Lasix Commander Propecia Kontraindikationen Order From Canadian Family Pharmacy Clomid C Est Comment Cialis 5mg Gunstig Kaufen cheap cialis online Trovare Kamagra Francia Clomid Oromone Ovulation