Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » МЕНІҢ АРМАНЫМ

МЕНІҢ АРМАНЫМ


Дүниеге келген әрбір адамның өзіне тән арманы болу табиғи заңдылық. Арман адамды алға жетелейді. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең дейді халық.

Менің пайымдауымша, ол екі түрге бөлінуі мүмкін, қияли және материалдық арман. Бұл екеуінің айырмасы жер мен көктей.
Қияли арман адамның фантазиясына байланысты.
Мысалы біздер телеарналардан «Өрмекші адам», «Мысық әйел» атты фантастикалық фильмдерді көреміз. Ол адамның қиялынан туындаған көрініс. Кез келген кішкентай бала соны көре отырып, соған еліктейді, бұл оның сәбилік арманы.
Ал материалдық арман дегеніміз ол адам баласының қоршаған ортаның әсеріне байланысты туындайтын қажеттіліктер, ол ауқатты болу: керемет үй салу, жақсы қызмет атқару, машина міну және тағы басқалар.
Менің де өзіме тән арманым бар. Қазір мен оныншы сыныпта оқимын. Келешекте журналист болғым келеді, қатардағы журналист емес, дара жолды, өз қолтаңбасы бар ерекше. Ол үшін көп оқып, терең білім алуым керек, ол үлкен еңбекті талап ететінін түсінем. Тіл байлықты, терең ойды қажет етеді. Келешекте осы арманым орындалса, Егемен еліміздің бір азаматындай халқыма адал қызмет еткім келеді.
Олжас Жолдасбекұлы,
191 мектеп оқушысы
30 наурыз 2018 ж. 4 178 0