Тілегім – тілші болу
Тілші болу – арманым! Арман... Бұл - ғажап әрі таңғажайып күш. Ар маны бар адамның келешегі зор. Менің арманым – тілші болу. Бала күннен осы мамандыққа қызығамын. Себебі, тілші – жақсылық жаршысы, жамандық сыншысы. Журналистика – ұлы адамдар сүйген, кемеңгерлер айналысқан мамандық. Атақты ақынжазушылардың көпшілігі осы ма мандық иесі. Сондықтан да, мен бұл мамандықты қасиетті кәсіп санаймын. Арманыма қалай да болса қол жеткіземін! Арманға қол жеткізудегі ең басты саты – мақсат....
Мақсаты бар адамның келешегі зор және оған жетпей қойматынын белгілі, сондықтан, қол жетпес шыңдарды бағындыруға болады. Менің мақсатым – тілші болу. Тілші – шындық жақтаушысы әрі халық жар шысы. Алтын ұя мектептен ұзап, нағыз өмipге қанат қағатын күнде таяу... Мен өз арманымның жүзеге асуы үшін біршама еңбек етудемін. Көптеген сайыстарға қатысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Бұның бәрі мен үшін тек жеміс емес, бұл – жеңіс! Осы мамандық иесі атанғаннан кейінгі көретін жемісім әлі алда. Мен үшін келесі белесжурналистика мамандығына оқуға түсу. Сосын аянбай, күн, түн демей еңбек етіп, халық несібесі үшін игі істер жасау. Кез келген мамандықтың жемісі шаш етектен. Ең бастысы, өзің сүйген мамандықтың иесі атан, тек халық үшін қызмет ет, сонда бар еңбегің ақталады.
Зарина Жарболова,
№ 131 орта мектептің 11-сынып оқушысы
№ 131 орта мектептің 11-сынып оқушысы