Менің арманым...
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» - дейді қазақ. Өмір – кеме, арман – ескек секілді. Ескек болмаса теңізде жүзе алмайтынымыздай, арманымыз болмаса, өмірде де алға жылжи алмайтынымыз анық. Армандау арқылы болашаққа деген сенім күшейеді, мақсат айқындала түседі. Және де жігерлене түсіп, өмірге деген құлшыныс артады.
Әр адам жас шамасына қарай, өмір сүру салтына қарай түрліше армандайды. Мен кішкентай кезімде тезірек өсіп, мектепке баруды қалайтынмын. Мектепке барған кейін арманым асқақтай бастады. 3-сынып оқып жүргенде менде «журналист болсам» деген мұрат болды. Теледидардан хабарларды жүргізіп отырған тілшілерді көріп, «көгілдір экраннан көрінсем екен» деп армандадым. Сол арманның жетегінде бәріне дайын болдым. Сабақты жақсы оқып, іс-шараларға да белсене қатысып келемін. Осы мұратым маған өмірде талмай ұшуға қанат бітіргендей болды. Соның негізінде қолға қалам алып, шығармашылығымды шыңдау үстіндемін.
Қазір мен 11-сыныпта оқимын. Алтын ұя мектебімді үздікке бітірсем, алға қойған мақсатымның орындалуына бар күш-жігерімді жұмсаймын. Алда кездескен сәтсіздіктер, кедергілерден қаймықпай өтіп, болашаққа нық қадаммен ұмтыламын. Мықты журналист болу үшін жан-жақтылық қажет екенін білемін. Сол үшін мектеп қабырғасындағы соңғы жылда білімімді арттырып, білім сынағынан сүрінбей, аңсаған арманыма қадам жасамақпын. Ол үшін мақсатым – айқын.
Мен әлемге танымал қазақ журналисі болуды қалаймын. Соның арқасында бәсекеге қабілетті, жан-жақты азаматша болып қалыптасқым келеді. Оның үстіне, Елбасы Н.Назарбаевтың жастарға артқан үлкен сенім үдесінен шыға білуіміз де керек. Ел Президентінің «Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында» деген сөзі маған ерекше серпін берді.
Мен үшін арман – айқын бағдар, жол көрсететін жарық жұлдыз секілді. Мақсат-мұратсыз мен адасып кететіндеймін. Арманым мен мақсатым анық болса, белгілі бағытымды біліп, алға ұмтылатыным белгілі. Міне, сондықтан да осы кезден арманыма қол жеткізу жолында күресемін. Өйткені, бұл болашаққа деген сенім. Келешегім келісті болу үшін алған бетімнен қайтпаймын, тек қана алға ұмтыламын. Сонда ғана жетістікке жете аламын.

Айгерім САҒАТОВА,
№35-мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы