Аудан әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

Аудан басшысы ең алдымен Қоғалыкөл ауылдық клубына барып, ғимараттың жай-күйі, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын көрді. Берік Әбдіғаппарұлы мәдениет ошағының ауыл өміріндегі маңызын атап өтіп, клуб ғимаратына қатысты тиісті тапсырмалар берді.
Мұнан соң аудан әкімі Нағи Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен күрделі жөндеуден өткен №132 орта мектептің бүгінгі жай-күйімен танысты.
Жалпы құны 404 млн. теңгені салынған дәрігерлік амбулатория 2023 жылы пайдалануға берілді. Ал, №132 орта мектепке өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан басшысы жауапты орынбасары мен тиісті сала басшыларына әлеуметтік нысандарда анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде қалпына келтіруге тапсырмалар жүктеді.