Дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан әкімінің есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындары А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясына жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне өтініш білдірген болатын. Аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыс бойынша нақты тапсырманы тиісті мекемелерге жүктеді. Осыған орай, ағымдағы жылдың мамыр айында мердігер мекемемен келісім шарт жасалып, ауыл орталығындағы дәрігерлік амбулаторияны «АХАТ+ГС» ЖШС-і күрделі жөндеу жұмыстарын бастады.
Медициналық амбулатория тіркелген ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Амбулаторияда күндізгі стационарға арналған 5 орын, дәрігерге дейінгі қарау бөлімі, әйлердер және ерлерді қарау бөлмесі, егу бөлмесі және дәрігер бөлмелері қарастырылған.