Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аманкелді ауылында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Аудан әкімі Аманкелді ауылында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Аманкелді ауылына жұмыс сапарымен барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтқанда, дәрігерлік амбулаторияға жасалып жатқан күрделі жөндеу және бірқатар көшенің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.

Жалпы құны 103 млн. теңгені құрайтын Аманкелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Былтыр ғимараттың сырты «сайдинг» қаптамасымен қапталды. Ал биыл ғимарат ішінің құрылыс жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарды «ПУЛЬС» ЖШС жүргізуде.

Негізінен, дәрігерлік амбулатория 1987 жылы салынған. 2000 жылы ғимарат орны ауыстырылып, 2014 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда 15 орындық күндізгі стационар бар.

Сонымен қатар, бүгінде елді мекенде 80,5 млн. теңгеге Ж.Құлымбетов, А.Ақайдаров, А.Жанкин көшелерінің ауыз су құбырлары мен көру құдықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауыз су желісінің ұзындығы 1971 метрді құрайды. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме – «СК Орда-Құрылыс» ЖШС атқаруда.


Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы мердігер мекеме өкілдерімен сөйлесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін ескертті. Құрылыс барысында кемшіліктер болмау керектігін атап, салалық орынбасарына нақты тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 маусым 2024 ж. 188 0