Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Президенттің бұл игі бастамасын «AMANAT» партиясы толық қолдайды және бүгінде атаулы жылға байланысты тиісті ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті.

Мәселен, бүгін аудан орталығындағы Сырдария агро-техникалық колледжі базасында аудандық «Мансап» орталығының ұйытқы болуымен «Адал еңбек – адал табыс» тақырыбында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы, "AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы және аудандық «Мансап» орталығының директоры Еркебұлан Дәуітбекұлы қатысып, аудан тұрғындарымен, колледж студенттерімен, жұмыс берушілермен кездесіп, бірқатар азаматқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Жұмысшы мамандарды қолдау, тұрғындардың тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, кәсіби бағыт-бағдар беру – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Партия білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасында тікелей диалог орнатуға әркез ынталы. Біздің қоғамда еңбекқорлық және кәсіби шеберлік құндылықтары әрқашан бірінші орында тұруға тиіс.
12 ақпан 2025 ж. 206 0