Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталды

Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталды

Қазақстанда түн көбелегінің ғылымға бұрын белгісіз жаңа түрі табылды. Жәндікке белгілі тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді. Жаңа түрдің ғылыми сипаттамасы 2026 жылғы 12 қарашада «Entomological Studies» журналында жарияланды, деп хабарлайдыEgemen.kz.

Қазақстанның Зоология институтының мәліметінше, көбелектің жаңа түрі Scythobrya kozybayevi деп аталды. Оны Қазақстан мен Ұлыбританияның ғылыми мекемелерінде жұмыс істейтін энтомологтер Сергей Титов пен Антон Волынкин сипаттаған.

Жәндік түн көбелектерінің (совкалар) тұқымдасына жатады. Дене тұрқы шағын, алдыңғы қанаттары графит түстес сұр, бойында жіңішке сарғыш сызықтары бар. Әзірге бұл көбелек Қазақстанның шығысындағы Арқалы тауларынан ғана анықталған. Оның басқа аумақтарда таралу деңгейі әлі белгісіз.

Зерттеу жарияланымында көбелектің алғашқы үлгілері 2013 жылғы маусымда Бақалы шатқалынан жиналғаны айтылады. Бастапқыда ғалымдар оны ғылымға белгілі түрлердің біріне жатқызған. Алайда жәндіктің құрылысын тереңірек зерттеп, туыстас түрлерімен салыстыру нәтижесінде оның жеке, бұған дейін ғылымда сипатталмаған түр екені анықталған.
Ғалымдар бұл атауды Манаш Қозыбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай таңдаған.

Сурет: Зоология институты




16 қараша 2026 ж. 20 0