Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттық фракциясы отырысында жол картасының орындалуы талқыланды

Депутаттық фракциясы отырысында жол картасының орындалуы талқыланды

Сырдария аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысын өткізілді. Фракция отырысына «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, фракция мүшелері мен тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты. Фракция отырысының күн тәртібінде негізгі төрт мәселе қаралды.

– Біз өткен айдағы фракция отырысында Жол картасы мен сайлауалды бағдарламаның орындалуын қарап, тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты ұсыныстар айтқан болатынбыз. Бүгін сол ұсыныстардың орындалуын тағы бір пысықтап, алда атқарылатын жұмыстарды нақтылайтын боламыз. Ең алдымен, бүгінгі фракция отырысының күн тәртібін бекітіп алайық. Бүгінгі фракция отырысына бірнеше мәселе ұсынылуда. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалындағы кадрлық өзгерістерге байланысты біз фракцияның жаңа жетекшісін сайлауымыз керек. Сондай-ақ Жол картасындағы орындалмау қаупі бар шаралар бойынша тиісті бөлім, мекеме басшыларының есебін тыңдаймыз. Мұнан бөлек жарнапұлдың жылдық жоспарының орындалуы мен партияға жаңа мүшелер қабылдау туралы «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі есеп береді. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі қабылдаулар мен депутаттардың қабылдау өткізуі туралы «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі баяндайды, – деді Ержан Ертарғынұлы.

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалында кадрлық өзгерістер болғанын еске салды. Партияның Орталық аппаратының келісімімен облыстық партия филиалы төрағасының 2024 жылғы 23 қазандағы бұйрығымен Ақтөре Ибрагимұлы «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы болып тағайындалғанын айтты.

– Бұған дейін «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметін атқарған Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанын білесіздер. Ол сондай-ақ фракция жетекшісі еді. Осы өзгерістерге байланысты біз фракцияның жаңа жетекшісін сайлауымыз керек. Ақтөре Ибрагимұлын өздеріңіз жақсы білесіздер. Сырдария аудандық мәслихатының 7, 8 шақырылым депутаты болды, аудандық газеттің бас редакторы, аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. Партияның жобаларымен, жоспарларымен жақсы таныс. Сондықтан Сырдария аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшілігіне Ақтөре Ибрагимұлының кандидатурасы ұсынылады. Ол бұл жұмысты негізгі жұмысымен қатар алып жүріп, тиісті ұйымдастыру жұмыстарын уақытылы әрі сапалы ұйымдастырады деп сенеміз, – деді филиал төрағасы.

Ұсынысты фракция мүшелері бірауыздан қолдады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жол картасындағы орындалмау қаупі бар шаралар бойынша Сырдария ауданы әкімінің орынбасарлары Димаш Байдушев пен Талғат Нұртазаев есеп берді. Аудан әкімінің орынбасарларына орындалмайтын жұмыстар туралы жазбаша ақпарат ұсыну тапсырылды.

– Құрметті фракция мүшелері, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленіп, бекітілген Жол картасындағы іс-шараларды орындау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл бағытта облыс әкімінің де, аудан әкімінің де тиісті тапсырмасы бар. Сондықтан әр шара бойынша бөлім басшыларына 29 қарашаға дейін ақпарат әзірлеп, объективті және субъективті тұстарын көрсете отырып, аудандық мәслихат аппаратына және «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалына жазбаша мәлімет ұсынуды тапсырамын. Ақтөре Ибрагимұлы, мәліметтерді жинақтап, аудан әкімінің қатысуымен өтетін келесі сессия отырысында баяндама жасауды сізге жүктеймін. Қорыта айтқанда, Жол картасындағы мақсат-міндеттерді мүлтіксіз орындауымыз керек, – деді Ержан Әжікенов.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе партия мүшелерінің жарнапұл төлеу және партияға жаңа мүшелер қабылдау туралы «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Айзада Садықова есеп берді. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі қабылдаулар мен депутаттардың қабылдау өткізуі туралы «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Берік Ахметов баяндады.

Фракция отырысының қорытындысымен фракция мүшелері мен тиісті бөлім, мекеме басшыларына бірқатар нақты тапсырма берілді.

– Депутаттарға және тиісті бөлім, мекеме басшыларына «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдауды тұрақты түрде өткізу қажеттігін еске саламын. Бұл Президенттің «Халық үніне құлас асатын Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асып жатқан жұмыс. Сондықтан жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне арнап қабылдау өткізуді жүйелі әрі сапалы ұйымдастыру керек. Сонымен қатар әрбір қабылдау бойынша ақпарат аудандық газетте, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының парақшасында жариялануы қажет, – деп түйіндеді партияның аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов.
28 қараша 2024 ж. 55 0