Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Фракция отырысы өтті

Фракция отырысы өтті

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында Сырдария аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Фракция отырысын "AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы ашып, жүргізіп отырды.

Фракция отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының Сырдария ауданында іске асырылу барысы туралы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Д.Байдушевтің есебін тыңдау;

2. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының 2025 жылға арналған жоспарларының орындалу барысы мен 2024 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Т.Нұртазаевтың, Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетовтің есебін тыңдау;

3. Тереңөзек кентінің әкімі Е.Бахтияровтың сайлаушылар алдында берген уәделерінің орындалу барысы бойынша есебін тыңдау;

Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралған соң, қаулы қабылданды.

27 қаңтар 2025 ж. 336 0