Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік министрі: Автобуста балалар арбасын алып жүруге тыйым салынбайды

Көлік министрі: Автобуста балалар арбасын алып жүруге тыйым салынбайды

Көлік министрі Әсел Жанасова қоғамдық көлікте балалар арбасын тасымалдау ережелерін қайта қарау туралы шешім қабылдады, мәселе бойынша екіұшты түсіндірмелерді болдырмау көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ешкімкішкентайбаласыменавтобусқамінгената-ананыарбаныжинауғанемесеавтобустантүсугемәжбүрлемеуікерек.Көлікминистріретіндеқоғамдықкөлікбалаларыменбіргежүретінотбасыларүшінқолайлыәріқолжетімдіболуыасамаңыздыдепсанаймын.Ата-аналарданкеліптүскенөтініштерменсұрақтардыескереотырып,ережелердегіекіұштытүсіндірмелердіболдырмау,жолаушылардыңжайлылығыменқауіпсіздігінқамтамасызетумақсатындатиістіталаптардықайтақараутуралышешімқабылдадым»,депжаздыминистрәлеуметтікжелідегіпарақшасында.

Бұған дейін Көлікминистрлігі жолаушыларды тасымалдаудың қолданыстағы ережелері ата-аналарға балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салмайтынын түсіндірген болатын.

Министрліктің хабарламасында автобус қатты толған жағдайда, ата-анаға отыруға арналған бос орын болған кезде балалар арбасын бүктеп тасымалдау қарастырылғаны айтылған. Сонымен қатар арба салондағы басқа жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмеуі тиіс.
Ведомство өкілдері арбаны бүктеуден бас тартқаны үшін айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе басқа да жаза қолдану қарастырылмағанын атап өтті.

Бұған дейін тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты.


Сурет: Depositphotos.com
15 қараша 2026 ж. 54 0