Мониторинг жұмысы жүргізілді
«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауға бағытталған. Бұл бағытта Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар да жүйелі жұмыс атқаруда.
Мәселен, облысымызда облыс әкімі бекіткен арнайы қаулы бар. Қаулыда әлеуметтік сала бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту жұмыстары нақтыланған және жұмыс берушілерге тиісті ұсынымдар берілген.
«AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалы осы қаулыдан туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде аудан әкімдігімен, «Мансап» орталығымен бірлесе мониторинг жұмысын жүргізді.
Мониторинг барысында «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы мен «Мансап» орталығының бөлімше басшысы Әбдіманап Батталов мекемелерді аралап, мекеме басшылармен кездесті.
Мекеме басшылары мүгедектігі бар азаматтардың жұмысқа қабылдау мен оларға қолайлы орта қалыптастыру күн тәртібінен түспейтінін айтып, жұмыс барысында нақты шешімдер қабылдайтынын жеткізді.