Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

"Нұр Отан" партиясының Сырдария аудандық филиалының бастамасымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Аудандық жұмыспен қамту орталығында ұйымдастырылған шарада жұмыссыздар үшін 12 мекемеден 28 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңкеде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып сөз сөйлеп, жұмыстарды ашықтыққа негіздеу, жұмыссыздар үшін қолжетімді орта қалыптастыру басты бағыт екенін атап өтті.
Сонымен бірге, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Заң аясында ұйымдастырылып жатқанына назар аударып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтудың кешенді шаралары партия назарынан тыс қалмайтынын жеткізді.
Жәрмеңкеде ұсынылған бос орындарына құжаттары сәйкес келетін азаматтарға жолдамалар берілді. Айта кету керек, аталған іс-шарада мүмкіндігі шектеулі азаматтар да жұмысқа орналасу үшін жолдамаларға ие болды.
18 наурыз 2019 ж. 1 069 0