Аудан әкімінің құттықтауы
Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз үшін Тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Ата-бабамыз арман еткен Азаттыққа қол жеткізген еліміз бүгінде беделі биік, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы – тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы» деп атап көрсетті. Сондықтан егемендігіміздің түпкі негізі – мемлекеттің біртұтастығына тікелей байланысты.
Алашқа ана болған қасиетті мекеніміз – Сыр елі, оның ішінде құт қонып, бақ дарыған Сырдария ауданы кемел келешекке, өрлеу мен өркендеуге бет бұрды. Арайлы Азаттық пен бекем бірліктің арқасында жарқын жұмыстар атқарылуда.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын!